Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы
ШЖҚ «ТҮПҚАРАҒАН ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА» МКК
Маңғыстау обл., Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қ., Ж.Мыңбайұлы көшесі №112
Телефон: 8 (72938) 28453, 8 (72938) 28456

Emailbuxpolikl_fort@mail.ru 


28.02.2020
944
11:05
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы

1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) ағымдағы жылғы 1 наурыздан бастап Қытай Халық Республикасына   (бұдан әрі – ҚХР) барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен (бірінші санат) ҚХР-дан келген адамдарды 14 күн бойы жергілікті атқарушы органдар анықтаған үй-жайларда оқшаулай отырып, кейіннен емдеуден шығарылғаннан кейін 10 күн бойы тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында медициналық бақылау арқылы карантинді (күн сайын қоңырау шалу);

ресми және үкіметтік делегацияларды, қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды және халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, осы қаулыға  1-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі – КВИ) сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (ҚХР-дан басқа бірінші санат) келген адамдарды Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) шекарасына өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкері күн сайын барып бақылай отырып,  кейіннен 10 күн бойы (күн сайын қоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК ұйымдарында медициналық бақылай отырып, үйде оқшаулауды (халықтың көп жиналатын орындарына баруды болдырмай үйде карантинді);

  2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (екінші санат) келген адамдарды ҚР-ның шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкерінің күн сайын барып бақылауын, одан әрі 10 күн бойы күн сайын қоңырау шалу арқылы МСАК-тың медициналық бақылауын. Ресми және үкіметтік делегациялардың мүшелері, қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелері, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелері, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдар және бірінші санаттағы елдерден келген жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер екінші санаттағы ретінде тұрғылықты (келген)  жері бойынша  медициналық бақылауға жатады.

3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (үшінші санат) келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы тұрғылықты жері бойынша МСАК-та медицина қызметкері қоңырау шалу арқылы бақылауды;

4) КВИ бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды оқшаулау үшін үй-жайларды,сондай-ақ КВИ-ға күдікті пациенттерді емдеуге жатқызу үшін қажетті төсек орны бар стационарларды ұйымдастыруды қарастыруды;

5) халықты коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданатын шаралар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: 

1)  ҚХР-мен шекарадағы шекара және кеден бекеттерінің басшыларымен бірлесіп Достық және Алтынкөл уақытша сақтау қоймаларындағы, сондай-ақ ҚХР-мен шекарадағы автомобиль өткізу жолдарындағы теміржол-жол жүк құрамдарының қозғалысына, оларды түсіруге және қалыптастыруға тартылған адамдардың қозғалысын, тұру, медициналық бақылау схемаларын әзірлеуді және барлық  мүдделі ұйымдармен келісуді;

2)  ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, ҚХР-дан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша өзге де қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасына өтетін адамдар туралы күн сайын мониторингілеуді және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды;

3)  шетелден келетін адамдарға осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес хабарламалар таратуды және оларды сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін. 

3. ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы күн сайын сағат 19.00-ге дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне және денсаулық сақтау басқармаларынасанаттар бөлігінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін жіберсін.

4. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық, көліктегі департаменттерінің, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 ақпанда бекіткен «Жаңа короновирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритміне» сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды өткізуді;

2) коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы халықты ақпараттандыруды;

3) жергілікті атқарушы органдардың мүдделі ведомстволарынан азаматтардың көп болатын объектілерінде дезинфекциялау режимін күшейтуді талап етуді, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектептерге және орта арнаулы оқу орындарына балаларды қабылдау кезінде міндетті таңертеңгілік сүзгіні өткізуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жедел орталығына күн сайын сағат 06-00-ге және 16-00-ге  ұсынылсын. 

6. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының күші жойылды деп саналсын.

7.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулы 2020 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

 Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігері   Ж. Бекшин

Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі www.mz.gov.kz/kk
Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі www.enbek.gov.kz/
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы zozh.mangystau.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі egov.kz
+  Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте